Амандық Баталов халықаралық турнирде волейбол ойнады (фото)

Сенбі, 18 Қараша , 2017 15:13

Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі басталды. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Тыва, Бурятия республикаларының командалары қатысуда.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Турнирдің салтанатты ашылуында облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу жұртшылығы атынан ардагерлер арасындағы «Жетісу кубогы» халықаралық турниріне келген қонақтардың қадамына сәттілік тілеп, қазақстандық «Жетісу» командасының сапында ойнады.

«Құрметті, турнирге қатысушылар, жер жаннаты атанған Жетісу өлкесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жетісу кубогы» турниріне арнайы келген командалардың ішінде атақты ойыншылар – еңбек сіңірген спорт шеберлері, волейбол ойынының өрісін кеңейтуге көп еңбек сіңірген азаматтар бар. Олар – бірнеше буын спортшылар үшін үлгі болған кәсіби мамандар. Сондықтан бүгінгі турнирді өткізу елімізде, соның ішінде облысымызда волейболды дамытуға жасалған жақсы бір қадам деуге болады. Бәріңізге бұл турнирде жақсы ойын, сәттілік пен жеңіс тілеймін!» – деді А. Баталов.

Сонымен қатар өңір басшысы облыста волейболды дамытуға тұрақты көңіл бөлініп келе жатқанын да атап өтті. Спорттың бұл түрімен қазіргі кезде облыстың 83 мың тұрғыны айналысады. Тек биылғы жылдың өзінде ғана 47 волейбол секциясы ашылған.

Турнирдің ашылу рәсімінде, сондай-ақ, Тыва Республикасы Волейбол федерациясының вице-президенті, Тыва Республикасы Парламенті төрағасының көмекшісі Шыңғыс Каминов, Моңғолия Республикасының Волейбол федерациясының вице-президенті Тогтохбаяр Тогсмандал және басқа да қонақтар сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірумен қатар ойыншыларға сәтті қадам тіледі.

Турнирді бірінші болып Қазақстанның «Жетісу» командасы мен Бурятия Республикасының волейболшылары бастады. Екі партияның нәтижесі бойынша құрамында облыс әкімі, волейболдан спорт шебері, Қазақстан Волейбол федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы мен Алматы облысы Волейбол федерациясының президенті Амандық Баталов ойнаған «Жетісу» командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Мұнан кейін ойын алаңына Ресей мен Моңғолия командалары шықты.

Оқи отырыңыз:

Дзюдошы Отгонцэцэг Гаагада өтіп жатқан Гран-приде күміс жүлдеге ие болды

Денис тен Франция Гран-приінде қысқа бағдарламадан кейін жетінші орынға жайғасты (видео)

Данияр Елеусінов әйелімен ажырасқаны туралы мәлімдеді

Атырауда түсік тастаған 40 жастағы әйел хәл үстінде жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар