Алып егеуқұйрықтар анасы жалғыз тастап кеткен үш айлық баланы шайнап өлтірді
Алып егеуқұйрықтар анасы үйде жалғыз қалдырып кеткен үш айлық баланы шайнап тастаған. Қайғылы оқиға ОАР-дағы Йоханнесбургте болған. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Фото: Dan Newling / Daily Mail
Анасы үш айлық сәбиін үйге жалғыз тастап, өзі ойын-сауық кешіне кетіп қалған. Үйде кереует астындағы алып егеуқұйрықтар балаға бас салып, шайнап өлтірген.
Баланың дауысын естіп үйге кірген көршісі, көз алдында болып жатқан жауыздықты көріп не істерін білмей тұрып қалған. Қайтыс болған қыздың егіз-ағасы бар екен. Ойын-сауық кешіне кеткен анасы ол баланы өзімен бірге алып кетіпті.
Баласын қараусыз қалдырған әйел тұтқынға алынды. Екінші бала әкесінің қамқорлығында.
Оқи отырыңыз:
Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты
Желіде Түркиядағы ресейлік елшіні атып өлтіріп кеткен сәттің видеосы пайда болды (видео)
Әуе апатынан аман қалған футболист: Мен бір минут бұрын орнымды ауыстырған едім
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан