Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов аргентиналық Леонардо Фабио Амитраномен Буэнос-Айресте жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, кездесуде қазақстандық басымдыққа ие болып, жекпе-жек алтыншы раундта аяқталған. Амитрано ауыр соққыдан есін жия алмағаннан кейін рефери кездесуді тоқтатқан.

Осылайша Момынов кәсіпқой рингте төртінші кездесуін нокаутпен аяқтап отыр. Бұған дейінгі үш жекпе-жегін ол АҚШ-та өтікзген. Ал аргентиналық боксшы осымен екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Момынов Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен жекпе-жегін қарсаңында жаттығу лагеріне қатысқан болатын. Боксшының өзі бұдан жақсы тәжірибе алғанын айтқан еді.

Тағы да оқыңыз:

Психоаналитик: Бір кездері Сталин мен Гитлер де Димаш сияқты танылған еді

Ішіне жын кірген: Тойда “жын ұрғандай” билеген әйелдің ерсі әрекеті елді шошытты (видео)

Мәңгүрт әншілер мен әндер: Танымал журналист “Шудың бойында” әнін сынап тастады

Балабақша күзетшісі 4 жасар балаларды тірідей өртеп жіберді

Талқылау