Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова өзін итке теңеп жұртты күлдірді (фото)

Алуа Қонарова желіде өзін суреттегі итке теңеп, жұртты күлкіге қарық қылды. Көпшілік продюсерге қолдау білдіріп, оның батыл жан екенін жарыса жазып жатты.

блдб

Сурет: Алуа Қонарованың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгінде Алуа Қонарова үш бірдей танымал топқа продюсерлік етіп жүр. Продюсер соңғы кезде жұмысынан шаршап жүрген сыңайлы. Желіде өзін итке теңеп, жұртты күлкіге қарық қылған суретті бөлісті. “Кейде өзімді осы ит секілді сезінемін” деп жазады ол суреттің тұсына.

лшлщ

Желі қолданушылары өз кезектерінде продюсердің табанды жан екенін жарыса жазып жатты. “Сіз мықты тұлғасыз. Әлсіз болсаңыз, сізге ешкім жармаспас еді. Сізді және шығармашылығыңызды құрметтеймін”, “Сіз мықтысыз, қолыңыздан келеді”, “Мен де күні бойы осылай жүремін. Ешқандай күшім қалмады”, “Алланың өзі сізге күш пен мейірімділік сынды қасиеттерді сыйға тартқан. Ол сізге өзі көмектеседі”, “Құдай сізге күш-қуат берсін! Алла өзі әрдайым қолдап жүрсін” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбековтың келіншегі көптен күткен екінші сәбиін босануға дайындалып жүр

Арбаға таңылған тыңдарманымен кездескен Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Төреғали Төреәлі биыл үйлену тойын жасайтынын мәлімдеді (видео)

Ақбота Керімбекованың жолдасы: Ұлдардың анасын қызғанып жүргенін түсінемін

Талқылау