Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал продюсер Алуа Қонарова бокспен айналыса бастады (видео)

Аралас жекпе-жек өнерінің майталманы, танымал спортшы Қуат Хамитов «Ринго», «Ayumi» және «Renzo» топтарының «анасы», продюсер Алуа Қонарованы бокс өнеріне үйретуде.

Screenshot_2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін продюсер өзінің Инстаграмдағы парақшасында жаттығу алаңынан видео жариялады. Геннадий Головкиннің отандасы расымен де бокспен айналысайын деді ме? Әлде Рио Олимпиадасында әділетсіздікке ұшыраған спортшыларымызды қолдау мақсатында осылай жасады ма? Сіз де білмейсіз бе? Ендеше бірге анықтап көрелік.

«Ебедейсіз шықты. Алайда барынша тырыстым. Бокс өнерін баяғыда-ақ меңгергім келетін. Мені кім үйретіп жатқанын көрдіңіздер ме? Қуат Хамитовтың өзі», – деп жазған продюсер. Одан кейін Қонарова бұл Мұхит Сапарбаевтың жаңа жобасының кадрлары екендігін атап өткен. Иә, сіз бен біз қателескен болып шықтық. Оның қандай жоба екенін алдағы уақытта біле жатармыз.

Айтпақшы дәл бүгін Алуа Қонарованың туған күні. Инстаграм желісінде оны әріптестері мен оқырмандары құттықтауда.

«Алуа қыз, туған күніңмен! Өмірің ұзақ, ғұмырың саналы, қызметің сауапты, шығармашылығың шыңдаулы, беделің биік, абыройың асқақ болсын», – деп танымал тележурналист Гүлнұр Мамассарипова тілек білдірсе, әнші Сәкен Майғазиев: «Алуаша, туған күніңмен, алтыным! Ұл-қыздарың («Rin’Go», «Ayumi», «Renzo») сеніміңді ақтай берсін! Алла тағала анамыздың 100 жасын тойлауды нәсіп еткей!» – деп жазған.

Біз де өз тарапымыздан Алуа Қонарованы құттықтай отырып: «Шығармашылығыңыз шыңдала берсін!» – демекпіз.

Жіберіп алмаңыз:

“Меломен” vs продюсері: Алуа Қонарова кімге жақтасты?

Продюсер Алуа Қонарова орыс тілді сауатсыз журналистерге ескерту жасады

Алуа Қонарова «Renzo» тобының жаңалықтарымен бөлісті

Талқылау