Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова Ayumi тобының экс-әншісімен татуласып, көпшілікті қуантты (видео)

Татуласу күні! Продюсер Алуа Қонарова Ayumi тобының экс-әншісі Айдана Мәлікпен (Шәріпханова) қайта табысып, жанкүйерлерін қуантты. Қуанышты хабарды продюсер Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алуа Қонарова Ayumi тобының экс-әншісімен татуласып, көпшілікті қуантты (видео)

Осыдан бір жыл бұрын Айдана тұрмысқа шығып, топтан кеткен еді. Продюсер жеті жыл қарамағында ән салған өнер иесіне бақыт тіледі, алайда тойына бармады.

Оның себебін топ солистері түсіндірген болатын. Ақназ бен Әселдің айтуынша, Айдана келісіліп қойған іс-шараларға қатыспай, топты тығырыққа тіреген.

Мінеки, араға бір жыл салып, Айдана продюсерімен және экс-топтастарымен қайта татуласты. Бұл күнді Алуа Қонарова “татуласу күні” деп атады.

Жанкүйерлерге қуаныш сыйлаған бейнежазбада продюсер әншінің жағдайы мен отбасы туралы сұрауда.

Айта кетейік, Айдана былтырғы жылы Әнуар Мәлік есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шықты. Өнер иесінің бүгінде Мұса есімді атұстары бар.

Тағы оқыңыз: 

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты (видео)

Қайрат Нұртастың тойдағы биі көпшілікке ұнап қалды (видео)

“Қалаулым” жұлдызы Жанерке: Пиар үшін жігіттің әке-шешесімен танысатын көргенсіз емеспін

Өз тілім емес: Заңғар Нұртас “ағылшынша әнді акцентпен айтты” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау