Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтыншы қабаттан секіріп өлмек болған қызды төменде тұрған адамдар қағып алды (видео)

Бішкекте милиционерлер 6-қабаттың терезесінен секіріп кеткен қызды қағып алды.

Алтыншы қабаттан секіріп өлмек болған қызды төменде тұрған адамдар қағып алды (видео)

Бұл туралы Kaktus.media басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 20 ақпанда «Тунгуч» ықшамауданында орын алған. Суицид туралы қоңырау жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 14:20-да түсіпті. Куәгерлер қыздың 6-қабаттан секіргелі жатқанын айтқан.

«Қыз 6-қабаттағы пәтерде терезеден секірмек болды. Пәтердің есігі жабық болып шықты. Оған адамдардың көндіруге тырысып, төменнен айқайлағаны ықпал етпеді. Учаскелік милиционерлер, шұғыл қызмет қызметкерлері төменнен кілем тауып, соны жайып, тосты. Қыз ештеңеге қарамастан биіктен секірді. Милиция қызметкерлері қызды құтқарып қалды. Кілемнің арқасында соққыны жұмсарту мүмкін болды», – делінеді хабарламада.

Қазіргі уақытта суицидтің себебін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қыздың тұлғасы анықталды. Ол мамыр айында 18 жасқа толады. Белгілісі, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Ол жансақтау бөлімінде ессіз күйде жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау