Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимовты алшақтатқан ақша ма

Өткен жылы Алтынбек Рахметовпен арадағы әріптестігіне нүкте қойған Серік Ибрагимов еркіндікке шыққанына дән риза! Бүгінде өз қалауымен жұмыс істейтін әнші жігіт, продюсерсіз пайдаға кенелудің тың тәсілдерін де тауыпты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Алтынбек Рахметов, Серіктің ән әлеміндегі жолын ашып, қарапайым қазақ баласын халыққа танытты. Продюсер шәкіртінің дүркіретіп тойын жасап, аяқтандырғаны тағы бар. Бірақ төрт жылға жуық әріптестіктің соңы, өткен жылы тосыннан үзілді. Бүгінде, жеке кеткен әнші жігіт, жетекшісіз-ақ еңбектенудің ұтымды тұстарын тізбектеп берді.

“Жекенің аты жеке, жақсы ғой. Барлық затты өзім шешемін. Өзім қабылдаймын шешімдерді. Кез-келген уақытта өзімнің кестеме сай қоя аламын кез-келген нәрсені. Және қаражат жағынан да ғой. Қаражат жағы да көбірек болады”, – дейді Серік.

Бұрындары қос тарап қаламақыны қақ бөлетін еді. Енді табыс тұтастай Серіктің қалтасына құйылып жатыр. Алтынбектен алшақ кеткен әнші продюсерсіз атқарған жұмыстарының жеңіл еместігін де жасырмайды.

“Өзің іздейсің, өзің табасың, өзің сөйлесесің деген сияқты. Және де сол Алтынбек ағамыздың тәлім-тәрбиесін алғаннан кейін, сол кісінің айтқаны сияқты, сол кісінің жасағаны сияқты жасағым келеді. Бірақ, әлі де біраз үйренерім көп қой”, – дейді Ибрагимов.

Бүгінде тынбай тер төгіп жатқан Серік, дәл қазір кезекті клипін таспалауда. «Қызғаншағым» деп аталатын бейнбаянның сюжетіне, жас жұбайлардың арасында туындайтын орынсыз кикілжіңдер арқау болған көрінеді.

“Болмайтын бір смс үшін ұрсысып қалып, айырылысып кетіп жатқандар бар. Түсініксіз бірдеңе үшін айырылысып кетіп жатқандар бар. Сондықтан, осындай нәрсені астарлап бергіміз келіп тұр”, – деп түйіндеді әнші.

Тағы оқыңыз: 

Аша Матай атышулы Замира жайлы: Оның шынайы өмірдегі болмысы сондай

Жар ізде: Аңғарымпаз жанкүйерлер Тәуекел Мүсілімнің жейдесінен дақ тауып алды

Сиви Махмуди мен Айдарбек Рысбек шетелде тағы бір бейнебаян түсірді (видео)

6 жасар алматылық қыз Максим Галкиннің шоуына қатысып, ресейліктерді таңдай қақтырды (фото)

Талқылау