Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынбек Қоразбаевты ренжіткен Төреғали сазгермен татуласты (видео)

Төреғали Төреәлі 2017 жылдың қазан айында той жасап, жұбайын халыққа таныстырған болатын. Ұлы дала баласы алдағы уақытта жары Толқынды өзімен бірге ертіп жүрмейтінін, көпшілікке алғаш және соңғы рет көрсеткенін айтқан еді. Алайда ол күні кеше әріптесі Нұрболат Абдуллиннің тойына келіншегімен бірге келді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Алтынбек Қоразбаевты ренжіткен Төреғали сазгермен татуласты (видео)

Тойға кешігіп келген Төреш ең алдымен, Алтынбек Қоразбаевтың қолын алып, сазгермен татуласты. Көпшілік өнер иесінің бұл әрекетіне риза болды. Естеріңізде болса, былтырғы жылы Қоразбаев концертіне қатыспағаны үшін Төреғалиге ренішін білдірген еді.

Бұдан өзге, Төреғалидің жары Толқын ибалылығымен, кішіпейілділігімен көзге түсті. Ол той үстінде қазақ эстрадасының жұлдыздарына иіліп тұрып сәлем салды.

Мұны көрген желі қолданушылары Толқынның әрекетіне тәнті болды.

“Жар таңдауда қателеспепсің”, “Қандай ибалы, инабатты келін”, “Қарапайым екені жүзінен көрініп тұр”, “Бақытты болсын”, – деп ақ тілегін білдірді олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

@nurbullin тойың құтты болсын бауырым!!!

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Еске сала кетейік, күні кеше Нұрболат Абдуллин қызының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасаған болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау