Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева: Төрт қызым да әнші болғысы келеді

Алтынай Жорабаеваның қыздары әншінің жолын қууға ниетті. Алайда сахна саңлағы болуды армандағанымен, бір үйдің төрт бірдей гүлі ел алдына шығуға асықпайды екен. Тіпті, аналары қолдап тұрса да. Қыздарының өнерге деген қызығушылығы жайлы Жорабаеваның өзі баяндап берді.

Алтынай Жорабаева

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Қыздарымның биге қатысып жүргеніне біраз болды. Алғашқыда ғаламтордан үйреніп жүрді, қазір кәсіби түрде дайындалуда. Семанұр спорттық балды би үйірмесіне барады. Қосымша ағылшынға барады. Мен қатты желкелеп, қыздарыма бірдеңе істеткім келмейді. Өйткені баланың өзінің талпынысы болуы керек. “Өскенде кім болғыларың келеді?” десем төрт қызым да: “Әнші”, – дейді.

Онда әнші болсаңдар, менімен бірге ән айтпайсыңдар ма? – деймін. Айтпайды ешқайсысы. Бірақ әнші болғылары келеді.

Аналарының өмірі, жүріс-тұрысы ұнап тұр ғой оларға. Халықтың жақсы көргенін, сыйлағанын ұнатады. Соған қарағанда мақтан тұтады”, – деген Жорабаева қыздарының өнер жолына келуіне қарсы еместігін білдірді.

Ал Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанның әке жолын қуғанына қуанады. Бұл орайда Асылжанның Прага қаласында режиссер мамандығы бойынша білім алып жатқанын айта кетейік.

“Ұлым қазір Қазақстанда. Құдай қаласа 2-курсты аяқтайды, әрі қарай оқуын Америкада жалғастырамын деген жоспары бар. Екі жылдық білім деген толыққанды білім. Өйткені оларда 15 күн теория, ал қалғаны тәжірибе ретінде, түсірілім алаңында өтеді екен. Астананың 20 жылдығына байланысты қысқаметражды фильм алып, соның жұмысымен қазір елордаға кетті. Өзінің командасын жасақтап, актерларын кастингтен өткізіп, жұмысын атқарып жатыр.

Бұл орайда Иманбаева балаларын өнерге баулитын әріптестерін қолдайтынын айтты. Себебі:

“Мәселен, Роза Қуанышқызының баласы Әли қандай үлкен тұлғаның ұлы. Мен Роза Қуанышқызымен көп әңгімелесімен, сырласамын. Ол баласына қолының ұшын да тигізген жоқ. Өзінің таланты, өзінің талпынысы. Сондай ізденімпаз, өз алдына өзін қалыптастырды. Бірақ бәрібір “мамасының арқасы” деп айтады. Сол сияқты өнерге қадам басқан әртістердің балаларына солай айтуы мүмкін. Бәрібір өнердегі қыз-жігіттің баласы өзінің ізін қуады екен ғой. Ол – заңдылық. Менің балам актер, әншілікті қумағанымен, әкесінің ізін қуды. Сол себепті бәрібір келеді екен. Бір шетінен қуанасың, өнерде бала жаманнан алас жүреді, энергетикасы таза”, – дейді Иманбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Маусым, 2018 16:06
Талқылау