Алтынай Жорабаева ресми түрде “Нұр Отан” партиясының құрамына қабылданды

Сәрсенбі, 5 Шілде , 2017 11:42

Алтынай Жорабаева бірнеше сағат бұрын қуанышты жаңалығын бөлісті. Әнші ресми түрде “Нұр Отан” партиясының құрамына қабылданған екен.

19624977_1967115830178702_7195865487064956928_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Аллаға шүкір, салтанатты түрде “Нұр Отан” партиясының мүшесі атандым. Елбасымыздың саясатын қолдау мақсатында, еліміздің қуатты да табысты мемлекетке айналуына өз үлесімді, әрине, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қосуды Алла нәсіп етсін! Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Абрарұлы, сіз өз қызмет жолыңызда, әрқашан өнер адамдарына қолдау көрсетіп келесіз. Міне бүгін де, маған өнер адамы ретінде емес, басқа қырымнан танылуға мүмкіндік беріліп жатыр. Өнер адамдары атынан және өз атымнан сізге алғыс білдіремін. Құрметті менің оқырмандарым! Сіздердің 1 300 000 оқырманым екендеріңізді төраға орынбасарына айтып үлгердім. Менімен бірге болғандарыңыз үшін көп раxмет! Сіздерді жақсы көремін”, – дейді Алтынай Жорабаева.

Желі қолданушылары өз кезектерінде әншіні құттықтап, қуанышын бөлісуге асықты. “Анам екеуіміздің ең сүйікші әншімізсіз. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Қыздарыңыз жемісін жегізсін”, “Алтынай, құтты болсын! Еңбегің жемісті болсын”, “Сары түс әдемі жарасады екен. Осындай әдемі, жарқын болып жүріңіз”, “Қуанышыңызға ортақпыз”, “Құттықтаймын, Алтынай ханым! Биіктерден көріне беріңіз”, “Тек биіктен көріне беріңіз” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт Сәкен Майғазиевтің 7 жыл бұрынғы суретін көріп қатты таңқалды (фото)

Тарап кеткен “Shine” қыздары тыңдармандарының сағынышын басты (видео)

Микрофонды қоя салып шашуға жүгірген әншілер жұртты күлдірді (видео)

Бағдат Сәмединова: Уақытты сылтауратып жылағандардың жанынан зуылдап өте шығамыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар