Алтынай Жорабаева жауапты қызметке тағайындалды
Сахна саңлақтары жаппай басшылық қызметке тағайындалып жатыр. Осыдан бірер күн бұрын Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры қызметіне келсе, күні кеше Алтынай Жорабаеваның да “шені” көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жезтаңдай әнші “Нұр Отан” партиясында жауапты қызметке тағайындалды. Бұл туралы Алтынайдың өзі айтып берді.
“Бүгін мен үшін ерекше күн болды. “Нұр Отан” партиясы Астана қалалық филиалының ХХVII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Саяси кеңес құрамының мәдениет саласынан бекітілдім. Алдын ала құттықтауларыңызға рахмет”, – деп қуанышымен бөлісті ол.
Айта кетейік, Алтынай Жорабаева 2017 жылы партия қатарына қабылданған.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен