Жорабаева тез танылған Димашты танылмай жатып жарнамаға зәру болған өзімен салыстырды

Сәрсенбі, 7 Маусым , 2017 15:48

Алтынай Жорабаева он жыл бұрын халыққа танылудың әлдеқайда қиын болғанын айтып жатыр. Осы орайда, ол Димаштың басында болып жатқан жағдайды мысалға келтіріп, әлеуметтік желілердің пайдалы тұстарын атап өтті.

18579841_1445993192089096_2948645093386485760_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

«Менің өзім 6 халықаралық байқауға қатыстым. Соның өзінде «Журналистерге «Біз осындай байқауға барып келген едік. Бізден сұхбат алыңыздаршы. Бір рет газетке шығайықшы» деп жүріп әрең танылатынбыз. Әдетте эфирге бір шығады. Мұны бірен-саран адам ғана көреді. Ал қазір инстаграм, фейсбук желілерінің арқасында жарнама көп болып жатыр. Маржан Арапбаева, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева, Медеу Арынбаев сынды әншілеріміз – сол байқаудың барлығына барып келген азаматтар.

Димаштың қазір бағы жанып тұр. Оның басында болып жатқан оқиғалар, тіпті, шетелдік жұлдыздардың басында болмаған. Бүкіл өнер адамдары, театр актерлері, мен деп әлемді бағындырып жүрген әншілердің өзі Димаштың талантына таңқалып, әрқайсысы пікір жазып жатқанын оқып, көзіме жас келді. Өйткені, оның сол байқауға қатысып тұрғандағы көңіл-күйі, толғанысы басымнан өткен соң, денем тітіркеніп, тақымымды қысып отырдым», – дейді Алтынай Жорабаева.


Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева арам қаннан қалай тазарып жүргенін айтып берді

Желіге қызының суретін жүктеген Аша жұрттан ұрыс естіп қалды (фото)

Айдана Меденова жаңа туған сәбиін көрсетті (фото)

Ең танымал ағайынды жұлдыздар (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар