Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева: Барлық мұқтаж жанға көмектесуге міндетті емес шығармыз

Алтынай Жорабаева күйеуімен ажырасып кеткеннен кейін бос уақытында әртүрлі жұмыстармен айналыса бастаған. Әнші жақында жиһаз салонын ашқан болатын. Сондай-ақ, Жорабаева желіде әртүрлі компания тауарларын жарнамалап жүр, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алтынай Жорабаева

Бұл орайда желі қолданушылары “онсыз да той-томалақтан миллиондап табасыздар, мұндай іспен айналысудың не қажеті бар?” деп Жорабаеваны сынға алған.

Әдетте үнсіз қалатын әншінің бұл жолы шыдамы шегіне жеткен. Ол желіде өзін сынағандарға жауап берді.

“Неге осы бірнәрсе салсаң, жан-жақтан жұлып жегілері кеп тұрады көп адамдар? Қалтамызды, ақшаны есептеп, жетім-жесірге бер деп… Аллаға шүкір, одан кенде емеспіз. Сауап іс жасап жатқанымызды айтсақ, бәрі бір тиын болады ғой. Енді барлық мұқтаж жанға көмектесуге міндетті емес шығармыз. Менің де бала-шағам, туған-туыстарым бар дегендей. Қой, мен әншімін, жиһаз салоным бар, табысым жетеді деп отыра беруге де болатын шығар. Бірақ денсаулық барда, мүмкіндік барда, неге тағы қосымша іспен айналыспасқа? Кәсіп болса, нәсіп болады. “Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла. Бір ойлама, үш ойла” дегендей ғой сол менікі”, – деп түсіндірді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау