БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алты рет түсік тастаған әйел маймылдың арқасында жүкті болғанын мойындады

Ұлыбританиядағы Колчестер қаласының хайуанаттар бағында Раджанг атты 50 жастағы орангутан өліп қалды. Ол жергілікті тұрғындардың жақсы көретін жануары болған екен. Тіпті, бір әйел 6 рет түсік тастағаннан кейін маймылдың арқасында сәбилі болғанын айтты.

Алты рет түсік тастаған әйел маймылдың арқасында жүкті болғанын айтты

Нина Мэрстон кезекті рет түсік тастағаннан кейін 2017 жылы зообаққа келген. Ол 6 рет түсік тастағаннан кейін ауруханада ем қабылдап, дұрыс тамақтанып, денсаулығын бақылапты. Ол жетінші рет жүкті болғанда құрбысымен бірге хайуанаттар бағына барған. Себебі маймылдың шыны арқылы ішінен сүйгенін қалапты, деп хабарлайды The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Мен 4 жасымнан бастап зообаққа барамын. Раджанг үнемі менің ең жақсы көретін жануарым болды. Бұл жерде мен барлық қиындықты ұмытамын», – дейді ол.

Мэрстонның маймылға жету үшін ұзын-сонар кезекте тұрып, артынша жейдесін көтеріп, маймылға шыны арқылы ішін сүйгізді. Осы кезде ол бақыттан көзіне жас алып, маймылға алғыс білдірді.

Арада бірнеше ай өткеннен кейін Мэрстон қыз баланы дүниеге әкеліп, оған Элизабет деген есім берді.

13 желтоқсанда Раджанг 50 жасында өліп қалған. Зообақ қызметкерлерінің сөзінше, маймыл соңғы бірнеше ай көлемінде өзін күннен-күнге нашар сезіне бастапты. Соңында дәрігерлер дәрі ақрқылы оның тіршілігін тоқтатуды ұйғарған.

Мэрстон бұл хабарды естігенде, қатты мұңайған. Ол Раджангты «зообақтың ажырамас бөлшегі» деп атап, өз қызының маймылды көре алмайтынын ойлап қамығып қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр