Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алпыста әке атансам деймін: Мұқасан төртінші ұлмен шектеліп қалмайтынын айтты

Қырықбай, Елубай, Алпысбай… Қазақ эстрадасының өкілдері ата-баба дәстүрін қайта жаңғыртуға бел буып отыр. Таяуда төртінші ұлдың әкесі атанған Мұқасан Шахзадаев, алпысты алқымдаған шағында да сәби сүюге ниетті екенін жеткізді…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сәбидің салмағы – 3 келі 400 грам, бойы – 54 сантиметр! Бұл балақай Мұқасан мен Индираның шаңырағындағы төртінші атұстар. Әншінің тұңғышы Димаш, інілі болған Дастан екінші және «кенже» атағынан айырылған Дияр есімді батыр Шахзадаевтың үшінші ұлы.

“Үшеуінде де қалада болған жоқпын. Енді, мынау төртіншімде… Оның үстіне қазір демалыс қаңтар айы. Сондықтан, қалада болып, қасында болып”, – деп бөлісті төртінші ұлдың әкесі атанған әнші.

Айта кетейік, Мұқасан мырза 46 жасында төртінші мәрте әке атанып отыр. Бірақ, жаңа туған ізбасарына әлі азан шақырып, ат қоймапты.

“Әрине, Қырықбай деп қоюға болатын еді. Бірақ, қазір бұрынғы заман емес. Балалардың өзіне де қазір Қырықбай деген ерсі естіледі. Егер, бір 60-қа келіп, ұлды болып жатсам, міндетті түрде Алпысбай қоямын. Оны енді қоймасқа болмайды”, – дейді Шахзадаев.

Сәбиге есім таңдауда танымалдар да ат салысып жатыр. Мәселен, атышулы Айдарқұловтың ұсынар түрлі нұсқалары бар.

“Дәурен, Дәуренчик, Дәуренжан. Мұхаммед, Ибраһим, Юсуф, Исмаил… Енді, көреміз бұйырғаны болар”, – дейді ол.

Әншінің өнердегі әріптестері жаңа туған баланың, болашақта былғары қолғап шебері болуынан үмітті. Сондықтан, шаршы алаңда атой салған қазақ боксшыларының есімдерін тізбектеп берді.

“Қанаттың атын қоюға болады, болмаса Бақтиярдың атын қоюға болады,  Даниярдың атын қоюға болады. Ата-ананың міндеті жақсы ат қою. Азан шақырып жақсы ат қойса, Алла Тағала атына затын сай қылып, өмірін жақсылыққа бейім қылады”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Әзірге бірнеше нұсқа ұсынылса да, таңдау жасалған жоқ. Жұлдызды әке ұлының нақты есімін, алдағы уақытта әлеуметтік желі арқылы хабарламақ!

Жіберіп алмаңыз:

“Жігіттер” квартетінің әншісі аязды күні жүргізушілерді жақсылық жасауға шақырды (видео)

Әнші Бүркіт: Бала кездегі күнтізбем – қора тазалау, аула сыпыру еді

Жазира Байырбекова өз тілін менсінбейтін қазақтарға жан айқайын жеткізді

Алтынай Жорабаева: Сәбитпен араласпаймыз, бақытты болсын

Талқылау