Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілді
Алматының бірнеше аудандарында атыстың болғаны естілді. ҰҚКД –ның ғимараты қоршауға алынды.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Абай мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратына жақын маңда да атыс дауыстары естілген. Ғимарат қоршауға алынды.
Бұдан бөлек Төле би мен Абылайхан көшелерінің аудандарында атыс болғаны естілген.
Бейресми мәліметтерге жүгінсек, атыс салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер бар.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"