Алматылықтар зардап шеккен полицейлер үшін қан тапсырып жатыр
Алматыдағы жағдайға алаңдаулы тұрғындар шабуыл кезінде зардап шеккен тәртіп сақшылары үшін қан тапсыруда.

Дүйсенбі күні таңертең Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне және ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалған. ІІМ мәліметінше үш полицей және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Қазіргі таңда ауруханаға түскен жаралыларға операция жасалу үстінде.
Қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, ішкі істер органы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
“Барлық азаматтарды дәрігерлер қазір өмірі үшін күресіп жатқан адамдарды қолдауға шақырамыз”, – деп жазды Фейсбук қолданушысы Шолпан Әли.
“Сіздер де суреттерді көрдіңіздер, зардап шегушілер өте көп қан жоғалтқан. Жарақат өте ауыр. Олардың артында отбасы, бала-шағасы мен туыстары жақсы хабар күтіп отыр”, – деп жазылған жазбада.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар