Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар қаңтардан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның жоғалып кеткенін байқаған

Зейнетке деп жинаған ақы аяқасты азайған! Зейнатақы қорындағы жинағын қараған тұрғындар, қаңтардан бастап ақшаның кемігеніне алаңдап отыр. Яғни, осы айда пайда әкеледі деген инвестициялық табыс керісінше кеміп, ал зейнетақы жиынтығы біршама азайыпты. Мұны жұрт, жаңа жыл алдындағы қор басшыларының тұтқындауымен де байланыстырады. Төрағаның өзі қазір сыбайластарымен бірге, қордың 5 миллиард теңгесін талап-таражға салды деген күдікпен абақтыда жатқанын айта кетейік. Дегенмен, Зейнетақы қорындағылар, ақшаның азаю себебін басқаша түсіндірді, деп хабарлады КТК арнасы.

выписка

Әлия Тұмажанқызының зейнетақы қорына өкпесі қара қазандай. Айтуынша, кәрілікке деп жиып-тергенін көзінің қарашығындай сақтауы тиіс мекеме керісінше, осы қаңтардан бастап шетінен жеп жатыр. Яғни, инвестициялық табыс деген қатарда 2 мың 700 теңгесін шешіп алған.

«Бірыңғай зейнетақы қоры жағдайды түсіндіріп берсін! Неге бұлай болды? Менің шотымдағы ақша сонда қайда кетті? Соңғы айды тексеріп қарасам, 2 мың 700 теңге алынған. Бұл ақша менің маңдай тер еңбегім! Бейнетімнің зейнеті!» – дейді Алматы қаласының тұрғыны Әлия Нагорнюк.

Сөйтсек, тек Әлия емес, талай салымшының шотындағы ақша кеміген. Қызығы сол, мұндай жәйт былтыр байқалмаған. Осы қаңтардан басталды. Бірінің-150, енді бірінің – 2 мың теңгесі жоқ. Яғни, 5 миллиард теңгені талап-таражға салды деп айыпталып жатқан Бірыңғай зейнетақы қоры төрағасының тұтқындалуымен тура тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан, сол 5 миллиард теңге біздің ақша ма деген салымшылардың күдігі сейілмей отыр. Десе де, қордағылар жинақтағы ақша төрағаның емес, доллардың кесірінен кеміді деп түсіндіруде.

«Зейнетақы жинағының азаюы инвестициялық табыстың азайып қалуына байланысты болды. Инвестициялық табыс бірде көбейіп, бірде кеміп отырады. Ол өз кезегінде құнды қағаздардың нарықтағы бағасы мен доллар бағамына тәуелді».

Сарапшылар да алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Өйткені, кез-келген тосын жағдайда жұрттың зейнетақысына мемлекет кепілдік береді. Бірақ, тексерудің артығы жоқ дейді.

«Зейнетақы шотын үнемі жіті тексеріп отыру қажет. Яғни, бұрынғы жинақтарды соңғысымен салыстырып отыру керек. Сонда ғана зейнетақы жинағыңыз өсті ме, әлде кеміді ме біліп отыратын боласыз. Егер күдік тудырса зейнетақы қорына барып жауап талап етуге құқылысыз», – дейді экономист Жарас Ахметов.

Жұрттың зейнетақы шотындағы ақшасы жоғалып жатқанда, Зейнетақы қоры төрағасы мен оның сыбайластарының 5 миллиард теңгені жеке бастарына жаратып жібергендері белгілі болды. Сондай-ақ, Руслан Ерденаев қызметін асыра пайдаланған дейді тергеушілер. Яғни, төраға қордың ақшасын жалған құжат жасатып жымқырған. Қызығы сол, атышулы іске қатысы бар 4 басшы да кепілдікпен босап шығу үшін, сотқа 5 миллард теңге ұсыныпты.

Жіберіп алмаңыз:

Зейнетақы қорының басшысы тергеу біткенше түрмеден шығарылмайтын болды

Лицензиясынан айырылған «Казинвестбанкте» қазақстандықтардың зейнетақы жинағы сақталған

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді

Орал тұрғыны бас киімнің ақысын кәдесый есебіндегі 10 мың теңгемен төлей салмақшы болған

Талқылау