Алматылықтар Данэлия Төлешованы сыйлықтың “астында” қалдырды (фото)
Алматылық жас талант Данэлия Төлешова алғаш рет фан-кездесу ұйымдастырып, жерлестерімен кездесті. Данэлия шахардағы сауда орталықтарының бірінде жанкүйерлерімен әңгіме-дүкен құрып, жағымды эмоцияға толы күн өткізгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Экспресс-К/Татьяна Синенко
Украинада өткен “Голос.Діти” шоуында жеңіске жеткен Данэлияның танымалдылығы күн санап артып барады. Алғашқы фан-кездесудің өзінде жас дарынның талантын бағалап, оған түрлі сыйлықтарын ұсынған тыңдармандар көп болды.

Фото: Данэлияның желідегі парақшасынан
Олар Данэлияға тәттілер, түрлі ойыншықтар мен ашықхаттар жолдаған. Тіпті, кейбірі кездесуге арнайы Данэлияның суретін салып келіпті.

Фото: Данэлияның желідегі парақшасынан
“Бұл менің өмірімдегі ең жарқын сәттердің бірі. Шығармашылық жолымда қолдау көрсетіп келе жатқан кереметтей адамдармен жүздесу бақыты бұйырды. Бұл біздің алғашқы кездесуіміз. Әңгіме-дүкен құрып, ғажап эмоция алмастық. Сіздерге үлкен рақмет. Сіздердің арқалараңызда күш-қуат жинап, әрі қарай биікке талпынуға шаббытана түстім. Сыйлықтарыңызға көптен-көп рақмет. Менің шығармашылығымды бақылап, берген сұхбаттарымды көргендеріңізге қуаныштымын, оны маған сыйлаған сыйлықтарыңыздан білдім. Нағыз керегі осы еді”, – деп бөлісті Данэлия инста-парақшасында.

Фото: Данэлияның желідегі парақшасынан
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ әнін шырқаған әйгілі Шахзода тыңдармандарды сүйсіндірді (видео)
Үнді әніне мың бұрала билеген Жанар Айжанова желіні шулатты (видео)
Төреғали 5 күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырған продюсердің ақшасын бермей қойған
Желіде Жұлдыз Өмірғалидің сәбиімен түскен суреті жарияланды (фото)
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған