Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт автобуста көріп ұнатқан қызды 5 жылдан соң тапты (фото)

28 жастағы алматылық жігіт автобустан көрген қызын 5 жылдан соң тапты.

WFJ61yKM77E

Бұл туралы Syaili Yesdaulet атты желі қолданушысы ВКонтакте парақшасында жариялады.

«Осыдан 5 жыл бұрын Алматыда 63-автобуспен келе жатқам. Автобусқа екі бойжеткен кірді. Олардың бірі маған қатты ұнап қалды. Мен онымен қалайда танысудың жолын ойлай бастадым. Сосын қағазға «Сізді шай ішуге шақырсам бола ма?» деп жазып есімім мен телефон нөмірімді жаздым. Алайда хатты қызға беруге батылым жетпей біраз тұрдым. Тіпті өзім тусу керек аялдамадан да өтіп кеттім. Бір кезде хатты қолына ұсттатым да, өзім есікке беттедім. Адамның көптігінен әрі жүре алмай ортада тұрып қалдым. Екі қыз хаттың қайсысына жазғанымды білмей дауласып тұр екен. «Хатты сізге жаздым» дедім қызға батылым жетіп. Ол: «Мен медицина саласында оқимын. Менің уақытым жоқ» деді. «Уақытыңыз болғанда көрерсіз» дедім де автобустан түсіп қалдым.

Бейтаныс қыз маған хабарласатын шығар деп ұзақ күттім. Одан хабар болмады. 3-4 ай өткен соң бір ер адам хабарласып «Ж… есімді қызды танисың ба?» деп сұрады. Түсінгенім бойынша қыздың әмиянын тауып алған. Оның ішінде құжаттары мен менің хатым сақталған. Тауып алған азамат хаттағы менің нөміріме хабарласып, құжаттарын алуымды сұрады.

Қыздың менің хатымды 3-4 ай сақтап жүрегінін естіп, ерекше қуанып қалдым. Осыдан кейін мен қызды әлеуметтік желіден істедім. Университеттерден іздеп таппадым.

Кейін Астанаға көшіп кеттім. Бірде қораптарды ақтарып отырып оның құжаттарын тауып алдым. Ініме осы оқиғаны айтып беріп едім ол тағы да қызды іздеп көруімді өтінді.

Желіден іздеп 5 жыл өткен соң ақыры таптым. Ол біраз уақыттан соң жауап берді. Оның құжаттарымды 5 жыл сақтап жүргенімді естім таңғалды. Мен қайтадан Алматыға көшіп кеткен болатынмын. Ол Астанада тұрады екен. Ақырында елордада кездесетін болып шештік. Мен көптен бері өзімді осылай балаша сезініп көрмеген едім», – деп жазады ол.

Талқылау