Алматылық зейнеткер еш себепсіз банкке миллион долларға жуық қарыз болып шықты
Алматылық зейнеткер ешқандай несие алмасам да банкке миллион долларға жуық қарыз болдым деп отыр. Даудың басы 10 жыл бұрын басталған.
2008 жылы Жанна Азидің анасы несие алуға барады. Жеке мүлікті кепілдікке қоя отыра 520 мың долларға келіседі, деп хабарлайды 31 арна.
Банк ипотекаға келіскенімен, қылмыстық іске байланысты үй қамақта түседі. Ақырында келісім жасалмайды. Бес жылдан соң отбасы банкке бірнеше мың қарыз болып қалғанын білді. Пайыздық төлемі 986 мың долларға жеткен.
“Біз банктен алғашқы құжаттарды талап етеміз. Анамның ақшаны алғаны жөнінде қол қойылған, екі жақ келісілген құжатты талап етеміз. Олар 2014 жылы құжаттардың жойылғаны туралы акт көрсетті”, – дейді жәбірленушінің қызы Жанна Ази.
Айтуынша, банктен бес жылда бір рет хабарласып, қарызымыз бары жайлы айтпаған. Ал, банк бұған қатысты кейінірек пікір білдіреді.
Заңгер Станислав Лопатин банктен ақша алғанда ғана келісім жасалатыны, ал алмаған ақшаны қайтаруға негіз жоқ екенін айтты. Құжатты жоғалтып алған болса, бұл банктің өз мәселесі дейді ол. Заңгер осындай жағдайға тап келмес үшін жылына бір рет ешқай банкке қарыз еместігі туралы анықтама алып отыруға кеңес береді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.