Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық полицейлер адамшошырлық күйде өмір сүріп жатқан отбасыларды анықтады

Наурызбай ауданының тәртіп сақшылары тұрмыстық жағдайы сын көтермейтін, оның үстіне ата-аналары ішкілікке салынғандардың үйін аралады.

dalanews-koshu-840x420

Онымен бірге, төтеншеліктер жағдайы төмен отбасылардың қысқа дайындығын тексеріп шықты. Тілшілер бас сұққан 3 отбасының жағдайы адам шошырлық күйде, деп хабарлайды Алматы арнасы.

скачанные файлы

Тәртіп сақшылары мен журналистерді көре сала жағдайы төмен отбасы бірден камераға түсуге бас тартты. Тапа-тал түсте ащы суға тойып алған олар балаларына ешқандай көмектің қажеті жоқ екенін алға тартты. Бұл тазалығы сын көтермейтін, әбден былыққа батқан пәтерде 2 оқушы мектепке барады. Әпкесі 3-сыныпта, сіңлісі 2-сыныпта оқиды екен. Бірақ оларды жаңа оқу жылына дайындаған ата-анасы жоқ. Ішкілікке салынған әкесі бұған дейін істі болған. Сондықтан жұмыссыз жүр. Ал қысқа дайындығын тексерген төтеншіліктерге «кейін бастаймын» деп жауап қайырды. Құр қол келмеген олар азық-түлік салынған пакетті ұстатып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл жолы әкеге тәртіп сақшылары түзелуге мүмкіндік берді.

dalanews-koshu-840x420

Жағдайы төмен отбасы ретінде Наурызбай үйінде тіркеуде тұрған екінші отбасының сылағы түсіп, іші ыбырсып жатқан баспанасында 5 бала тәрбиеленіп жатыр. 2 бала мектепке барады. Ал үшеуі отын-су дайындай алатын хәлге жеткен. Сондықтан ана осы уақытқа дейін жергілікті әкімдікке көмек сұрап бармағанын айтады.

Үшінші отбасында 3 баланың екеуі мектеп жасында. Жалғызбасты ана отадан шыққан ол қыздарына мектепке киім тұрмақ, тамақ әперетін ақшам жоқ, дейді. Жақын маңдағы дүкендерге қарызға аламын деген келіншек алименттен түсетін 38 мың теңге түкке жетпейді деп отыр.

dalanews-koshu-840x420

«Бұл ақша жазда кішкене жетеді. Қыста газ бар, су бар төлейтін дымға жетпейді. Бір күнде дүкенге азық-түлікке кем дегенде 2000 теңге кетеді. Аш отырамыз осылай. Үлкен қызымның туғаннан көзі ауырады. Емдетуге қаржы таппай отырмыз», – деді қала тұрғыны Әмина Узденов.

Наурызбай ауданының ювенальды полиция бөлімі бұл отбасыларды көзден таса қалдырмаймыз деп отыр. Жергілікті әкімдікпен бірігіп, оларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге уәде етті. Ал ауызқұрғатпай арақ ішетіндермен жұмыс бөлек жүргізіледі.

«Наурызбай ауданындағы нашар 18 отбасының 3-уін аралап шықты. Қысқа дайындығын тексердік және балаларының үйіне табыс кірмегендіктен балаларының бірінші қыркүйекке қарсы дайндығы жоқтығын байқадық. Бұл бойынша көмек көрсетілетіндігін әкімшілік тарапыннан, бұл шара бойынша қолданылады», – деді  Наурызбай аудандық IIБ ЖПК ювенальды полиция бөлімінің аға инспекторы Думан Тұрлыбеков.

«Өздеріңіз көрсеткендей, әр үйдің өрт қауіпсіздігін ережелерін сақтамау жағдайлары болып жатты. Олардың бәрін көрсетіп, жаднамалар таратып айттық», – деді  Наурызбай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Бауыржан Бейсенқанов.

Наурызбай ауданының Ішкі істер бөлімі әр ай сайын жағдайы нашар отбасыларды аралайтындарын айтады. Ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғаса береді.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда төбелесіп жатқан мас жігіттердің бірі полицейдің басын жарып қойды (фото)

Ақтөбелік наиб имам Меккеде қазақстандықтарды өзге ағым өкілдерінен қалай қорғағанын айтып берді

Анасы баласын жылаған даусына шыдай алмай тұншықтырып өлтірді

Талқылау