Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық өзін педофил деп айыптаған әйелімен соттаспақ

59 жастағы алматылықты сот ақтап шыққан. Енді ол өтірік ақпарат таратқан әйелімен соттаспақ.

12_main

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

Әйел өзінің күйеуін төрт жастағы балаға қысым көрсетті деп айыптаған. Полиция ҚР ҚК 121 бабы бойынша Олег Цойдың үстінен зерттеу жүргізген. Анна Цой шағымды 2015 жылы 4 қазанда түсірген.

4 қарашада Цойды қамауға алып, ол уақыта тұтқында 5 айын өткізген. Цойдың мемлекеттік адвокаты Гүлнара Мұратәлиева бүгін баспасөз мәслихатында мән-жайды мейлінше баяндады.

“2015 жылы 3 қазанда сағат 08.30-да Анна Цой үйден жұмысқа шыққан. Онымен бірге тұрған досы 08.45-те шыққан. Демек, Олег Цой баланы алып, өзі киініп, төртінші қабаттан түскен. Бұған 5 минут кетті деп есептесек болады. Олар Тимирязев пен Айманов көшелерінің қиылысында тұрады. Ол жерден бағдаршам арқылы Жароков пен Тимириязев қиылысына жету әрі кетсе 1-2 минутты ғана алады. Олар үйден көрмеге дейін 9 минутта жетіп барған. Оның үстіне ол 25-30-да емес, 59-да. Әрі қасында кішкентай бала бар. Ал енді осыншама қысқа уақытта балаға сексуальды қысым көрсетіп үлгерді деу ақылға сыймайды”, – дейді адвокат.

Оның айтуынша, Цой таңғы сағат 09.00 шамасында банкоматтан ақша алған.

“Біз сотта оның сағат 09.00-де банкоматтан ақша алғанын дәлелдедік. Оның банкоматтан ақша алып жатқаны туралы бейнежазба да бар”, – деді қорғаушысы.

Тексеріс барысында баланың киімінен де, төсектен де қанның да, ұрықтың да белгілері байқалмаған. Ал балада үшінші деңгейдегі көтеу ауруы болған екен.

“Анасы оны үш рет проктологқа апарып, ол сондай диагноз қойған. Ал сот сараптамасы оны зорлау белгісі деп танып отыр”, – дейді Мұратәлиева.

Ақыры табылған дәйектер жоққа шығып, сот айыпталушыны ақтаған. Алайда әйелі бұл шешіммен келіспей, қайта шағым түсірген. Ал Олег Цой болса, әйелі осындай әрекет арқылы оның мүліктеріне иелік еткісі келеді дегенді айтады. Жұп біраз уақыттан бері ажырасып кетудің шегінде келе жатыр екен. Оның айтуынша, Анна Цой осыған ұқсас шағымды бірінші рет жазып отырмаған.

“2014 жылы да ол зорлады деген айыппен шағым түсірген. Сірә, мықты тергеушіге тап болды да, таққан кінәсі дәлелденбеген”, – дейді Олег Цой. Қазір Цой тағы да осындай қауіптен қашып, өз пәтерінде тұрып жатқан жоқ.

“Ертең қайта сот отырысы болады. Содан соң онымен сөйлесемін. Мен тергеушілерге қарсы және әйеліме қарсы арыз жазамын”, – дейді ол. Ертеректе Анна Цойдың ҚР Президенті әкімшілігіне, ҚР бас прокуратурасына және ҚР Жоғарғы сотына жазған хаты әлеуметтік желілерде жария болған еді.

Талқылау