Алматылық қыз тойда төбелескеннен кейін полицияға өзін зорлады деп жалған айтқан

Сәрсенбі, 19 Қазан , 2016 17:46

Алматылық қыз мас болып төбелескеннен кейін “зорлау” оқиғасын ойлап тапқан.

9443951

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Мерекелік кештегі төбелесте дене жарақатын алған алматылық қыз туыстарына “мені зорлады” деп өтірік айтқан.
1994 жылы туылған қызға қатысты қылмыстық іс Іле аудандық сотында қаралаған. Сот анықтағандай, қыз туған күн кешінде мас болып, басқа бір қонақпен төбелескен, соның салдарынан жеңіл-желпі дене жарақатын алған. Бұл оқиғаны жасыру үшін жас қыз туған-туыстарын, полицейлер мен дәрігерлерді алдапты. Ол “мені жолшыбай отырған автокөлік жүргізушісі зорлады” деп мәлімдеген.

Өтірік айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, қыз тіпті арыз да жазған. Куәгерлерден жауап алу кезінде ол өз қылығын мойындады. “Жасалған қылмыс туралы көрінеу жалған мәліметтер беру” бабы бойынша сот үкімі оны айыпты деп тауып, бір жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.

Жіберіп алмаңыз:

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар