Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ене келіндерімен бірге ішек-қарын тазалауды білмей ұятқа қалды

Алматының ақ саусақ келіндері ішек-қарын тазалау білмей бүтін бір әулетті ұятқа қалдырды,-деп хабарласты Stan.kz  сайтының оқырманы.  5 баланың анасы көршісінің үйіндегі жинда болған жағдайды көріп жағасын ұстапты.

қарын

Жасы 50-ге жақындаған ана Алматыға  Шымкент қаласынан көшіп келіпті. Баласының қолында немерелеріне қарап жүр екен.

«Алғабас  деген жерде ортаншы ұлым тұрады. Алматыға келгеніме екі жылдан асты. Мынандай келіндерді көріп не айтарымды білмей қалдым. Көрші үйде балалрын жайғастырып яғни ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ата мен апа тұратын.

Жақында  қария 80-ге жақындаған шағында қисайып (қайтыс болып) қалды. Ол кісінің бәйбішесімен жақсы сөйлескеннен кейін туыстардай араласып кеттік. Қаза болған үйге  барып қолымнан келгенше атайдың бәйбішесін жұбатуға тырыстым»,-деп бастады ана әңгімесін.

Үлкен кісі қайтыс болғаннан кейін оның Астана мен Алматыда қызметте жүрген балалары мен  немерелері, келіндері жиналған көрінеді. Сол кезде болған жағдайдан Нәзира ана шошып қалыпты.

ішек

«Енді сондай бай адамдар болмаса да жағдайы бар кісілер гой. Көңіл айтып келіп жатқан адамдардың қарасы көп. Балалары бір жылқыны адам жалдап сойып алды. Екі үлкен табаққа салынған ішек-қарын ортада тұрды да қойды.

«Келіндер, мынаны  тездетіп тазалап тастаңдар обал болады» дедім. Оларда үн жоқ. Мұрындарын басып, табақты айналып жүгіріп өтіп кетебереді. Содан кейін, апаның өзіне айттым.  «Мына ішек-қарын күннің ыстығында бұзылатын болды» деп. Сөйтсем көрші апамның келіндері тұрмақ ішек-қарын тазалауды өзі білмейді екен. Оның не қиыны бар екен деп өзім көрсетіп, тазалап бердім»,-дейді 5 баланың анасы.

Шымкенттік ене қаланың қыздары болса да келіндеріне мұндай жұмыстардың барлығын өзі бір көрсетіп шығады екен.

«Мен барлық келініме «ананы білесің бе, мынаны қалай істейсің сен?» деп отырмаймын. Ененің көзін көрген, тәрбиесін алған деген сөз бар. Соған сай, барлық қажетті жұмысты келіндеріме өзім істеп бір рет көрсетем. Әрі қарай өздері алып кетеді.

Ол менің міндетім. Ана келіндерді әшек-қарын тазалай алмады деп те сөге алмайды екенсің. Себебі енелерінің өзі білмей тұр. Немерелерінің бірі «ютубтан қарасаңдаршы, қалай тазалауды көрсеткен видео бар шығар» деді. Бұны біздің ауылдағылар естісе анекдот қылып айтады»,-дейді Шымкент қаласының тұрғыны.

Назира ана бұл жағдайды көршісінің айыбын ашып, қателігін жұртқа жаю мақсатында айтып отырмағанын да ескертті.

“Мен енелер мықты болса екен деймін. Заманауимыз деп тазалықты, ұлттық тағамдарды ұмыт қалдыруға болмайды. Ол әр әйелдің міндеті. Қарын тазалау, қазы тығу еш қиын дүние емес. Енелер, орта жастағы аналар ойланса екен деймін. Біреудің жасап бергенінен өзіңнің тазалап істегеніңе ештеңе жетпейді. Әрі алдыңдағы асты рақаттана отырып жейсің”,-дейді Назира ана.

Оқи отырыңыз:

Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Келіншек күйеуінің жұмыстан келгенше тамақ жасап қоймайтынын айтып ренжіді

Астаналық әйелдер 5 күйеуді кезегімен тартып алған көңілдеспен жолықты

Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр

Астаналық келіншек 8 жылдан бері алименттен қашқан күйеуін іздеп жүр

 

Талқылау