Алматылық бизнесменнің қызын сенімді қызметшісі әрі жақын досы ұрлаған болып шықты

Алматылық бизнесмен Рүстем Бөлекбаевтың қызын ұрлау үшін қылмыскерлер бір ай бойы жоспар құрған. Бизнесмен істің артында кімнің тұрғанын естіп таңғалды, деп жазады  «Время» газеті.

KIA көлігі екінші KIA көлігімен Алматы көшесінде әдейілеп соқтығысып қалады. Көліктің бірінде кәсіпкердің қызы Мәриям мен сыныптасы, көлік жүргізушісі Аслан болған. Екінші көлікте «ерлі зайыпты» мен бір қыз болған.

Екінші көлік жүргізушісі Тайбековөзінің кінәлі екенін мойындап, сол жерде 50 мың теңге беруге келіседі. Алайда ақшаның өзімен бірге емес екенін, үйіне барып алып кетуін сұрайды. Осылайша көліктегілерді қақпанына түсіреді. Жол ортасына келгенде жүргізуші Асланнан сыртқа шығуын сұрайды. Оны электрошокермен ұрып, әйелдің бірі тамағына пышақ тақайды. Оны есінен тандырып құлатады.

Осы кезде 22 жастағы қыз Карина Жазбекова Мәриямды өз көлігіне күштеп отырғызады.

Кейіннен «ерлі зайыптының» күзетші мен жезөкшелер екені белгілі болды. Олар қыздың әкесіне хабарласып, 500 мың доллар талап етеді. Оқиға орнынан полицейлер Тайбековтің телефонын тауып алды.

SIM қарта арқылы екі адамның Атырауда, бірі Таразда, бірі Алматыда екені белгілі болды. Полицейлердің қоңырауына бір ғана қыз жауап берді. Ол белгілеріне қарағанда жезөкшеге ұқсайды.

Әкесіне қызының өзі хабарласып, «Алтын ордадағы» базарда екенін айтқан. Ол жанармай бекетіндегі кассир қыздың телефонынан хабарласқан.

Полицейлер үй қызметкерлерін, аспаз бен күзетшілерден жауап алды.

Қызды ұрлау ісін ұйымдастырған Руслан Молдағалиев болып шықты. Ол бизнесменнің сенімді қызметшісі, жақын досы. Бизнесменнің әйелі қайтыс болғанда оған қолдау білдіріп, бірге саунаға барып, жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтерген.

Серімбетов пен Жазбеков Өзбекстаннан келген жезөкшелер, Тайбеков түнгі клуб «көбелегі». Ал, ұрлықты Молдағалиевтың идеясымен жасаған. Бұған кәсіпкер ұзақ уақыт сенген жоқ.Тіпті, өз жұмысшы адвокатын жалдап, істі тексертті.

Қазір 4 күдікті де қамауда. Оларды сот ісі күтіп тұр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар