Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әже немересін ағасы зорлағанын айтып үш жылдан бері жазалата алмай жүр

Айжан Карменова есіді тұрғын үш жылдан бері Алматы қалалық ІІД-не хабарласып, немересін зорлады делінген күдіктінің жазасын өтеуін талап етуде, деп хабарлайды 31 арна.

Алматылық әже немересін ағасы зорлағанын айтып үш жылдан бері жазалата алмай жүр

Айтуынша, күдікті – қыздың ағасы. 2010 жылы 9 жасындағы немересін зорлаған. Қыздың әкесі қайтыс болған. Қызы бұл жайлы анасына айтқанымен, ол ешкіге тіс жамау керектігін айтқан. 5 жылдан соң бұл жайлы әжесі біліп, сотқа арызданады. Бірнеше сараптама оның қылмысын дәлелдегенімен күдікті әлі бостандықта жүр.

«Үш рет психологиялық комиссия мен сот-медициналық сараптама тағайындалып, бәрінде расталды. Бірақ бұл іс неге тоқтап тұр? Неге сотқа жіберілмей жатыр?», – дейді әжесі.

Құқыққорғаушы Дина Смаилованың айтуынша, былтыр 699 бала сексуалды зорлыққа ұшыраған. Мұндай істі сотқа жеткізу қиын мәселе. Іс дәлелбегендіктен жабылып қалады. Тек тергеушілер ғана ексерген болады.

«Біз арыз-шағым жазамыз. Ол тергеушіге жіберіледі. Тергеуші мұның өзіне артық жұмыс болғандықтан бәрі дұрыс деп жаза салады. Мұндай істер толып жатыр», – дейді «#НеМолчи» зорлыққа қарсы қозғалысының көшбасшысы Дина Смаилова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 01 Маусым, 2018 15:34
Талқылау