Алматылық әйел ұшақтағы жолаушының өмірін құтқарып қалды

Алматылық Шолпан Жанабілова ұшу кезінде гипертониялық кризі болған қызды құтқарып қалды. Оқиға 11-наурызда Алматыдан Ақтауға бағытталған «Бек-Эйр» әуекомпаниясының ұшағында болды.

Ұшудың үшінші сағатында Ақтауға жол тартқан бойжеткен аяқ асты ауырып қалған. Бұл туралы InAktau порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Жол серіктері алғашында жолаушылардан дәрі-дәрмек сұрап жүрді, кейін қыздың жағдайы жақсармаған соң дәрігер іздей бастады»,- деп хабарлады InAtau порталы.

Абырой болғанда осы ұшақта Алматыда жедел жәрдем қызметінде жеті жыл бойы жұмыс істеп жүрген невропатолог Шолпан Жанабілова болған.

Дәрігер еш ойланбастан, қызға аспирин беріп содан кейін димедрол енгізген. Дәрігердің көмегін алған науқас өзін жақсы сезініп, Ақтауға аман-есен жеткен.

Шолпан Жаңабілованың айтуынша, соңғы жеті жылда жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп жүргенімен, адам өмірін ұшақта алғаш құтқарып тұр екен.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды

Қазақстанда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Көк-Төбе әкімшілігі блогермен болған қақтығысқа қатысты түсініктеме берді

Алматы облысында туған бауырын өлтірген зейнеткер сотталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар