Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әуесқой автомобильші АЖҚС-ның құйтырқы әрекетін әшкереледі

Алматылық әуесқой автомобильші АЖҚС-ның құйтұрқы әрекетін әшкереледі. Ол жанармай бекеті қызметкерлерінің сыйымдылығы 70 литр бензин багына 78 литр бензин құйғанын айтқан. Яғни пистолетті шығарғанның өзінде есептегіштің ары қарай да жұмыс істеп тұрғанын байқаған.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бензин құйылмаса да, есептегіш ары қарай жұмыс істеп, төленуі тиіс ақша көлемі де көбейген. Видеоның астына жүргізушілер түрлі жағымсыз пікір білдірген. Ал Sinооil компаниясы аталған оқиғаның техникалық қателік екенін айтқан.

“Технологиялық құрылғы 24 сағат бойы жұмыс істейтіндіктен, істен шығып қалуы әбден мүмкін. Ал жанармай бекетінде тұтынушы бұған дейін істемей тұрған кранды пайдаланған. Жұма күні ірі жөндеу жұмыстарын жүргізуге арнайы маман шақыртылған-ды”, – дейді “Sinооil” компаниясының Алматыдағы филиалының директоры Бауыржан Сәрсембаев.

Сергей Ганчжук көп жылдан бері Қарағанды қаласының АЖҚС-ларын тексеріп келеді. Ол мұндай келеңсіз оқиғаның бұрын-соңды тіркелмегенін айтып жатыр. АЖҚС тексерілген соң арнайы сертификаттар да беріледі екен.

“Егер жанармай құятын шүмек уақыт өте келе тексеріліп отырады. Бұл – оның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына кепілдік. Кей жағдайда 0,25% бензин құйылмай қалуы мүмкін”, – дейді Қарағанды облысының метрология және техникалық реттеу Департаментінің бас маманы Сергей Ганчжук.

Алайда Руслан Лазут бұл пікірмен келіспейді. “Мен жүргізушілерге бұрынғы әдетке басып, бензинді канистраға құйып алуға кеңес беретін едім. Жоқ дегенде бензиннің нақты мөлшерін біліп отырады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі кемуі мүмкін

Алматыда сәбиін аяусыз сабаған әйел Өзбекстанда жазасын алатын болды

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Қазақстанда 30 мыңға жуық сотталушы түрмеден босатылады

Талқылау