Алматыға жақын жерде бір тәулік ішінде алты жер сілкінісі болды
ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экстпедициясының станциялары 4-5 мамырдағы бір тәулік ішінде Алматыдан 160-794 шақырым қашықтықта алты жер сілкінісін тіркеген.
Алматыда жер сілкінісі болды Бастапқы екі жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 және 4,8, 4 мамыр күні сағат 12:52-де және 17:00-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 608 және 606 шақырым жерде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында болған. Кіндігі 5 километр тереңдікте болыпты.
Бейсенбі күні сағат 22:16-да сейсмографтар Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 794 километр қашықтықта қуаты 5,3 балл жер сілкінісін тіркеген. Кіндігі — 100 километр тереңдікте. Жұма 5 мамыр күні 00:23 және 05:39-да магнитудасы 4,5 және 4,3 екі жер сілкінісі Тәжікстан мен Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 622 және 160 шақырым жерде болды. Жер сілкіну кіндігі 5 және 15 километр тереңдікте. Жер асты дүмпулерінің сезілуі туралы ақпарат әзірге жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Мұхамеджан Тазабек қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді ақырзаман белгісі деп атады
Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қызға қан керек болып жатыр
Мүгедек жан Жеңіс күні құрметіне Уфадан Астанаға арбамен келе жатыр
Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханаға түсіп қалды

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
