Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыға өзге өңірлерден келетін көліктерге ақы енгізілмек

Алматыда заңсыз салынған нысандарды сүріп тастау жұмыстары жалғасын табады. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы туралы аралық есептік баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

пробка

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау – «Алматы-2020» бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Осыған орай, қалалық әкімдік “заң алдында бәрі тең” деген принциппен, заңсыз құрылыстарды сүріп тастау жұмыстарын жүргізуде.

Адам өміріне және халықтың денсаулығына зиян келтіретін заңсыз нысандардың иелеріне қатысты қатаң шаралар қолданылады. Мәселен, Қарағайлы өзеніне салынған 4 көпір және су қорғау жолағындағы 370 аумақтың құрылысы заңсыз екендігі анықталған.

“Биыл Алматыда адамдардың өз бетімен салған үй-жайларын сүріп тастау бойынша 8 сот шешімі шығарылды. Сот шешіміне сәйкес, «Адем-4» сауда орталығының сауда алаңы, Алмаарасан шатқалындағы мейрамхана сүрілді және “Академия қалашығындағы” заңсыз жанар-жағармай бекетінің құрылысы тоқтатылды. Қазір заңсыз үш көпір алынып тасталды. Тағы бірін алып тастау ісі бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр”,- деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ Алматы билігі болашақта шаһарға басқа өңірлерден келетін көліктердің кіруіне ақы енгізбек. Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 570 мың автокөлік тіркелген. Оған қосымша қалаға күн сайын 250-270 көлік келіп-кетеді екен.

Бұл Алматының таза ауасына зиянын тигізетіні анық. Сондықтан тұрғындарды қоғамдық көлікке отырғызып, қаланы жекеменшік көліктен босату – «Алматы – 2020» бағдарламасында анық көрсетілген. Оған қоса, баспасөз мәслихатында көпті алаңдатқан жабайы сауда мәселесі туралы да сөз болды. Айтып өткеніміздей, қалада заңсыз сауда жасайтын нысандардың да көзі жойылатын болады.

“Қаладағы барлық 57 базарды жаңғырту бойынша жол картасы әзірленді. Сол базарлардың 15 пайызы толығымен қайта жабдықталды. Ал, тағы 25 пайызы 2017 жылы жаңғыртылады. Базарлардың жартысы жаңғырту бойынша жобалар әзірленіп жатыр”,- деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Талқылау