Алматыға оралған Баян Есентаева қала шенеуніктерін сынады (видео)

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 11:22

Белгілі тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева видео үндеу жасап оны Алматы қаласы әкімдігіне жолдады. Бейнежазбада продюсер қалалық электр энергиясын үнемдеу туралы айтқан.Есентаеваааааа

Бейнежазба продюсердің Инстаграмдағы парақшасында жарияланған.

“Ленин көшесімен төмен қарай, Шымбұлақтан түсіп келе жатырмын. Ал көшедегі жарықтар әлі жанып тұр. Бұған қала әкімдігінің назарын аударып, орталық көшедегі электрге жауапты адамдардың оны үнемдемей жатқанын айтқым келеді”, – дейді ол өзінің видео үндеуінде.

Бұған дейін Европадан Қазақстанға оралған Баян, халыққа жүзін көрсетіп суретке де түскен болатын.

 

Берегите электроэнергию.

Видео опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_)

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Дурыс Баян Максат кызы бул жагдайды менде кордим кундиз шырак жанып турады оны ким толеп жатыр неге немкурай карайды ишин ашиды

    • Анонимно says:

      Мүмкін куиген лампасын ауыстырып жатқан шығар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар