Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан Дубайға ұшып кеткен “Эйр Астана” ұшағы шұғыл түрде әуежайға қайта оралды

Алматы — Дубай КС895 рейсін орындаған “Эйр Астана” әуекомпаниясының ұшағы техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралды. Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

20170313123736

“Бүгін Алматыдан Дубайға қарай КС895 рейсін орындаған ұшақ техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралып, 8 сағат 33 минутта қонды. Экипаж халықаралық қауіпсіздік процедурасының барлығын бақылаған”, – делінген хабарламада.

Дубайға қайта ұшу сағат 10.15-ке жылжытылған. Ұшақ бортында 133 жолаушы болыпты. Бұған дейін де Алматыдан Бішкекке ұшқан “Эйр Астана” ұшағы әуежайға қайтып келген еді. Сондай-ақ, 2017 жылғы 5 наурызда Алматы-Орал бағыты бойынша КС 881 рейсін орындау кезінде де  “Эйр Астана” экипажы Ақтөбе қаласындағы жақын әуежайға шаттық қонуды жүзеге асырған еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда көпбалалы аналарға жәрдемақы бермей, жұмысқа шығуға міндеттейді

Алматылық транессексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ

Шымкент әкімі мұғалімдерді Ресей мен Украинадан алтыртуды ұсынды

Жоқшылық көрген отбасы Шымкенттен шалғайда елсіз даладағы үйшікке кіріп алған (фото)

Талқылау