Алматыдағы террорға қарсы операция: қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді
Алматы қалалық Ішкі істер департаменті оңтүстік астанада террорға қарсы операция жүргізілетіндігін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сурет newskaz.ru
“Сіздерден үйлеріңізден шықпауларыңызды және адамдар көп шоғырланған қоғамдық ортаға бармауларыңызды сұраймыз. Барлық күдік тудыратын адамдар туралы құқық қорғау органдарына жедел түрде хабарлау қажет. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары мен арнай орган қызметкерлерінің тексеру әрекеттеріне түсіністікпен қараған жөн. Қосымша ақпараттар тұрғындарға жедел түрде жеткізіліп отырады”, – делінген ІІД баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін Алматының бірнеше аудандарында атыс дауысы естіліп, тәртіп сақшыларының ауыр жараланғаны туралы хабарланған еді. Сондай-ақ, қатты атыс Николь базары аумағында да болған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"