Алматыда үздік сақал иесін таңдау сайысына арулар да қатысты (фото)
Алматыда “Брадо-арт” деп аталатын ерекше сайыс өтті. Онда тіпті ерлермен бірге қыздар да қатысты. Жеңімпаз халықаралық сайыста Қазақстанның атынан қатысып, ел намысын қорғамақ.
Сурет Андрей Халин
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Конкурс шарты бойынша қатысушы тек мұрт пен сақал тағып шыға салмайды. Олар белгілі бір рөлді сомдап шығуы тиіс.
“Өзімнің басты қарсыласым ретінде Әмина Сәбитованы санаймын. Ол спартандық Леонид патшаны өте жақсы сомдады. Тіпті оның қыз екенін де ұмытып кетіппін”, – дейді қатысушылардың бірі Кәмила Алмешева.
Гаухар Маймақова Шыңғысханның рөлін көрсетсе, Лола Шамсан есімді қатысушы араб шейхтарының кейпіне еніп кетті. Келушілердің таңқалдырғандардың бірі, шотланд костюмін киген Стас Кайдалов. Ол сақалын жүрек бейнесінде жасап келіпті.
Әділқазылар алқасы үздік үштікті атамас бұрын, қатысушыларды жекелеген аталым бойынша марапаттады. Ең жұмсақ сақалдың иесі Александр Пушкинге “еліктеген” төрт жастағы Микхаэль Аудо атанды. Көрермен көзайымы атағын “шейх” Дмитрий Кац пен “спартандық” Әмина Сәбитова және “сұлтан” Тимур Ибішев иеленді.
Ал даулы әнші Кончита Вурстты бейнелеген Кәмила Алмешева 100 мың теңгелік сертефикат және үшінші орынды еншіледі. Ал күміс жүлде мен Европаға саяхаттауға мүмкіндік беретін екі билет Тимур Ибішевке бұйырды. Ал АҚШ-тағы жарысқа еліміздің атынан Стас Кайдалов қатысатын болды.
Татьяна Аладьина

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
