Алматыдағы №151 мектеп мұғалімі оқушыларды “ескі әдіспен” жазалауда

Дүйсенбі, 8 Ақпан , 2016 10:08

 Алматыдағы Алатау адунына қарасты №151 мектептің оқушылары қазақ тілі мұғалімінің  жазалау әдістеріне әбден үйренген. Жас маман сыныпты ішінен кіліттеп, үй тапсырмасын орындамаған оқушыларға түрлі жаза қолданады екен. Өткен аптада 7 “Г” сыныбының оқушылары мұғалімнің кезекті әрекетін телефонға түсіріп алған.

22222

Оқушылар жағдайды телефонға түсіріп, ата-аналарына көрсетпекші болған. Себебі, олар түрлі жайттарға байланысты кез-келгеніміз осылай жазалануымыз мүмкін деп қорқады.  Ата-аналардың бастамасымен мектеп директоры Асхат Ошақбаевтың алдында жиналыс та ұйымдастырылмақшы болған.

Бұл видеода 7 сыныптың оқушысы үй тапсырмасын орындамағаны үшін жазалануда. Оның бұлай тұрғанына қарсы сыныптастары жайтты видеоға түсіріп алған. Орындық көтеріп тұрған оқушы аты-жөнін айтып мұғалімнің үстінен шағымданғысы келмейді. Себебі, жұрттың көзіне жаман қылығымен көрінуді намыс көреді.

Ал сайтымызға мағлұматты берген кісі өзінің есімін атамауды сұрады.

“Өркениетті заманда балаларды білімге баулудың өзге жолын ұстанбасақ, осы мұғалімге № 151 мектепте шектеу қоятын кісі болмай тұр”,-дейді есімін атамауды өтінген қала тұрғыны.

Есте болса, бір жыл бұрын тура осы мектептің мұғалімдері   бірін-бірі балағаттап іс әкімшілік сотқа дейін жеткен еді. Соңында әріптесінің намысына тиген ұстазға айыппұл салынған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

29
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар