Алматыдағы мектептердің бірінде биыл 1-сыныптан 17 класс жасақталды

Бейсенбі, 1 Қыркүйек , 2016 17:43

Алматының Алатау ауданына қарасты Шаңырақ-2 ықшамданындағы №26 мектепте биыл бірінші сыныпқа 17 класс комплектісі жасақталды.

D3DE0F94-3FF1-4995-8984-E9FD726042EE_cx0_cy15_cw0_w987_r1_s_r1

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Мектеп директоры Баян Елеунұрованың Азаттыққа айтуынша, бала санының көбеюіне Шаңырақ-2 ықшамауданына халықтың көптеп қоныстануы себеп.

Оның сөзінше, биылғы оқу жылында 480-ге жуық бала бірінші сыныпқа қабылданған. Әр класста 25-30 аралығында бала оқиды. Мектепте былтырғы оқу жылында 14 бірінші сынып комплектісі болған. Биылғы бірінші сыныптардың реттік саны алфавиттің “Р” әрпіне дейін жеткен.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Камила Жайылғанованың сөзінше, мектепте биылдан бастап 12 жылдық беру бағдарламасы бойынша оқытыла бастайды. Жайылғанова мектептегі 3 мың 200 оқушының жартысынан астамы – бастауыш сыныпта оқитынын, әзірге мектепте “кабинет жетіспеушілігі мәселесі жоғын” айтады.

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің дерегінше, биыл Қазақстан мектептерінде 2,5 миллион бала оқиды. Ал 370 мың бала бірінші сыныпқа барады.

Биыл көктемде министрлік бірінші сынып оқушыларына бес күндік оқу аптасын енгізу туралы шешім шығарған. Ал мектептердегі барлық сыныптарды бес күндік оқуға көшіру науқаны 2019 жылы аяқталуы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал жұлдыздар қазақстандықтарды білім күнімен құттықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар