Оның сөзінше, биылғы оқу жылында 480-ге жуық бала бірінші сыныпқа қабылданған. Әр класста 25-30 аралығында бала оқиды. Мектепте былтырғы оқу жылында 14 бірінші сынып комплектісі болған. Биылғы бірінші сыныптардың реттік саны алфавиттің “Р” әрпіне дейін жеткен.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Камила Жайылғанованың сөзінше, мектепте биылдан бастап 12 жылдық беру бағдарламасы бойынша оқытыла бастайды. Жайылғанова мектептегі 3 мың 200 оқушының жартысынан астамы – бастауыш сыныпта оқитынын, әзірге мектепте “кабинет жетіспеушілігі мәселесі жоғын” айтады.
Қазақстан білім және ғылым министрлігінің дерегінше, биыл Қазақстан мектептерінде 2,5 миллион бала оқиды. Ал 370 мың бала бірінші сыныпқа барады.
Биыл көктемде министрлік бірінші сынып оқушыларына бес күндік оқу аптасын енгізу туралы шешім шығарған. Ал мектептердегі барлық сыныптарды бес күндік оқуға көшіру науқаны 2019 жылы аяқталуы тиіс.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал жұлдыздар қазақстандықтарды білім күнімен құттықтады