Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы белгілі дәрігердің ұлының өлімі: Күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

Алматыда 17 жастағы Жаннұр Байқонысты өлтірген оқушыға қатысты сот үкімі шықты. 9-сынып оқушысы 2,5 жылын түрмеде өткізетін болды. Сот отырысында жасөспірім өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыдағы белгілі дәрігердің ұлының өлімі: Күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

«Абылай Әлішев қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-ші бөлігі, яғни «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 55-бабының 2,4-бөлігі басшылыққа алынып, екі жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді», – дейді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Диас Махамбетов.

Оқушыға қатысты сот процесі шамамен 1 айға созылды. Марқұмның туыстары 9-сынып оқушысын кешірген еді.

Еске сала кетсек, Алматыда биыл ғана мектеп бітіріп, университетке түскен жас жігітті өлтіріп кеткен еді. Қайтыс болған түлек  «Ақсай» университет клиникасындағы бас дәрігердің орынбасары Шахерезада Ахашеваның ұлы болып шықты. Жаннұр Байқонысты өлтірді деген күдіктінің туыстары арты өлімге алып келген қақтығыста өз нұсқаларын айтты. 15 жасар жасөспірімді өлтірді деген күдіктінің отбасы «Спутник» сауда орталығының жанындағы төбелес бәстесудің салдарынан орын алды деп санайды. Олардың айтуынша, күдікті Жанұр Байқоныспен жиналмаған ыдысқа бола ерегісіп қалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау