Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыста жараланып жансақтау бөлімінде жатқан екі полицей қайтыс болды

Алматыда Руслан Күлекбаевтың оғынан жарақат алып, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан екі полицей қызметкері көз жұмды.

с

Дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, оларды аман алып қала алмады, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Аға сержант Әбілдаев Серік Еркінұлы 1973 жылы дүниеге келген. Алматы қалалық ІІД-нің жол-патрульдік полиция қызметінде 1994 жылдан бері қызмет еткен. Қызмет барысында «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін І, ІІ, ІІ дәрежелі медальдарымен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» төс белгісімен, өзге де мақтаулармен марапатталды. Отбасында үш баланы әкесі.

Безымянный

Полиция лейтенанты Рахматтуллаев Мейрамбек Нуридиллаұлы 1992 жылы өмірге келген. Ол Алмалы ауданды ІІБ-ның инспекторы, 2012 жылы ІІД-де қызмет етті. Қызмет барысында ҚР ІІМ мен ІІД атынан марапатталған.

Алматы қаласының ІІД-нің жеке ұжымы мен Ардагерлер кеңесі қаза болған полицейлердің отбасына көңіл айтады.

Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Тергеу барысында күдікті әдейі полицейлерді ғана таңдағанын, бейбіт тұрғындарға оқ атпағанын айтқан. Ол бұл әрекетке құқық қорғау органдарынан кек алу үшін барыпты.

Талқылау