Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыс: Ғаламторда көше ортасында болған атыстың видеосы тарап кетті (видео)

Алматы полициясы әлеуметтік желіде тараған жол үстінде өзара қарым-қатынасты анықтап жатқан жастарға қатысты видеоны тексеріп жатыр.

1385570084_62548b3d90c9647cbd31d217fbc0af6e0fbfa52e_900-900x500

Видео Инстаграмдағы zhest_kz парақшасында жарияланып, онда «Ескі алаңда жастар арасындағы атыс» деп жазылған.

Бейнетүсірілімде көше бойындағы төбелестен соң бірнеше ер адамның сұр түсті көлікке отырып кетіп бара жатқаны көрінеді. Адамдардың тағы бір тобы жол үстінде қалып, жараланған ер адамға көмектеспек болады.

Алматы құқық қорғаушылары аталған видеоның Алматыда, не өзге қалада түсірілгенін тексеріп жатыр.

«Қазір бейнежазбаның қайда, қалай түсірілгенін анықтап жатырмыз. Оның Алматыда болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Толығырақ ақпаратты кейін хабарлаймыз», – деді ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Перестрелка на старой площади между молодежью. #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz)

Тағы да оқыңыз:

Шымкент тұрғыны бүлдіршінді күрекпен басынан аяусыз ұрып тастады (видео)

Атырауда үшемнің әкесі әйелін перзентханадан шығаруға лимузинмен келді (видео)

Маусымда ауа райы қандай болады

Талқылау