Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында серуен құрған жас жұбайларға айыппұл салынды (видео)

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында серуен құрған жас жұбайлар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков брифингте хабарлады.

20160906170353

“Соңғы уақытта той кортеждері жүргізушілерінің жол ережесін бұзуы кең етек алып барады. Осыған қатысты барлық ақпаратты мұқият қарап шықтық, бірде-бір құқық бұзушы жауапкершіліктен сытылып кете алмайды, барлық шара қолданыстағы заңнама аясында жасалды. Бүгін ғана шығыс айналма жолындағы жол қозғалысына кедергі келтірген екі жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық 31 тамыз күні орын алған”, – деді Н.Алмасбеков.

Ол жауапкершілікке тартылған ер адамның екінші рет құқық бұзғанын атап өтті.

“30 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жас жұбайлардың соңынан ерген барлық бес жүргізуші де көлік құралдарының қозғалуына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылады”, – деді ол.

Талқылау