Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үйге түскен ұры перденің артына жасырынған жерінен ұсталып қалды

Алматыда ұры жігіт бөтен үйге кіріп, тонамақ болған. Алайда оны үй иесі мен полицейлер ұстап алды.

Тұрғындардың бірі бөтен адамның көршісінің үйіне балконнан кіріп бара жатқанын көреді, деп хабарлайды Sputnik.

Ол дереу үй иесі мен полицияға хабарлайды. Үй иесі мен полицейлер тез арада келіп жеткен. Ұры жігіт ванна бөлмесінде перденің артында жасырынып тұрған жерінде ұсталды. Күдікті 1994 жылғы жігіт.

Балконның төмен жағында оны тағы бірнеше жігіт күтіп тұрған. Олар барлығы 4 адам болып үй тонамақ болған. Үй иесінің айтуынша, пәтерден алтындары мен ақшасы жоғалған.

Күдіктілер қамауға алынды.

Тағы да оқыңыз:

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Шымкенттік студент күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

Әйелін өзге дінге кірген деп пышақтаған шымкенттік азамат сотталды

Талқылау