Алматыда жолаушылар автобусы “жасыл” түске өтіп бара жатқан қызды қағып өтті
Алматыдағы Момышұлы мен Ұлықбек көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы адамды қағып өтті.

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, екі қыз Момышұлы қиылысында жолды кесіп өтіп бара жатқан. Олардың біреуі құлаққап киіп жолға шығып кеткен. 95 бағыттағы автобус жүргізушісі сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жәй жүріп бара жатқан. Бірақ жылдамдықты тежеп үлгере алмай қызды қағып өтіпті. Оқиға орынына келген жедел жәрем зардап шеккендерді ауруханаға алып кетті.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Момышұлы көшесімен жоғары кетіп бара жатып, жасыл түс біткен кезде тоқтайды. Бағдаршам белгісін көрген қыздар жолды кесіп өтпекке бекінген. Жүргізушісінің айтуынша, олардың біреуі автобусты көріп қалып, кері шегініп үлгерген, ал екіншісі зардап шеккен. Автобустың алдыңғы терезесіне соғылған қыз басынан жарақат алған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"