Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті. Бұл туралы қалалық ТЖД-ға сілтеме беріп ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомство мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін Рысқұлов даңғылында (Розовая көшесімен қиылысында) болған.
Өрт туралы хабар сағат 6:52-де келіп түскен.
«Алғашқы сөндірушілер оқиға орнына 06:59-да келіп жетті. Олар келген кезде “Daewoo BS-90” маркалы автобусы жанып жатқан», деп хабарлады Алматы қалалың ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова.
Өрт сағат 07:04-те ауыздықталып, 07:11-де тоқтатылды. Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метрге жетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз:
Рудныйда 12 жастағы қыз асылып қайтыс болды
Бурабайдағы асқа келген қонақтар жылқы етінен уланып қалған
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде