Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жол апатына ұшыраған көліктен 7 жасар бала ұшып кетті (фото)

Алматы облысындағы Құлжа күре жолының жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумағында автокөлік жол апатына ұшырады. Көлік ішінде екі ересек адам мен бала отырған.

Алматыда жол апатына ұшыраған көліктен 7 жасар бала ұшып кетті (фото)

Сурет: Sputnik

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Құлжа күре жолының бойымен Рысқұлов даңғылына қарай қозғалып келе жатқан Hyundai маркалы көлігі апатқа ұшырады. Көлік жүргізушісі жолдың жөнжеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумағына жақындаған кезде рөлге ие бола алмай қалыпты. Салдарынан меттал қоршауды бұзып өткен көлік шұңқырға түсіп кеткен.

Жол апатының салдарынан көлікте отырған 7 жасар бала терезеден ұшып түскен.

Куәгерлердің сөзінше, бұл уақытта құрылыс нысанында адамдар болмаған екен. Сондықтан бала жарты сағат бойы көмек іздеп жүріп қалған. Мұнан кейін жол жөндеушілердің бірін жолықтырып, болған оқиға туралы айтып беріпті.

Алматыда жол апатына ұшыраған көліктен 7 жасар бала ұшып кетті (фото)

Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен құтқарушылар шақыртылған.

Көлік ішінде ер адам мен әйел қыстырылып қалған екен. ТЖД қызметкерлері көліктің есігін кесіп, оларды құтқарып алды.

Апаттан зардап шеккен 3 адам ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған әйел ауыр жағдайда жатыр.

Алматыда жол апатына ұшыраған көліктен 7 жасар бала ұшып кетті (фото)

Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген балаларға оқ жаудырған (фото)

Павлодарда автокөлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылды (видео)

Өскеменде қатты жел соғып, жаңа аялдамаларды құлатып жатыр

Колхоз бастығымен көңілдес болдым: ОҚО-ға келін болып түскен әйел өз әрекетіне өкінетінін айтып жылады

Талқылау