Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз қонақта жүрген жерінен табылды
Алматыда полиция қызметкерлері 19 қазан күні жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз табылды.

Бұл туралы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі хабарлап отыр. Бұған дейін оқушы қызды экстрасенс өзімен бірге ертіп кетуі мүмкін деген болжам жарияланған еді.
“19 қазан күні жоғалып кеткен Александра Щербакова кешкі уақытта Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан құрбысының үйінен табылды. Оны Жетісу аудандық қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері тапты. Кәмелетке толмаған қыз ата-анасына қайтарылды”, – деп хабарлады қалалық ІІД.
Бұған дейін Алматыда қымбат фотоаппаратын алып шыққан 22 жастағы жігіттің жоғалып кеткені де туралы жарияланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"