Алматыда жоғалған қыздың сауда орталығында қыдырып жүргені белгілі болды

Алматыда 15 жастағы жоғалған қызды бес күннен бері іздеп жатыр. Түнгі уақытта оны ойын-сауық, сауда орталығынан көргендер бар, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қыздың ата-анасының айтуынша, полицейлер жоғалып кеткен Арайлым Жұматаеваны сауда орталығындағы бейнебақылау камерасынан көрген.

«Полицейлер бізге «Esentai Mall» сауда орталығында түскен видеоны көрсетті. 9 сәуір күні түнде қызым сол жерде қыдырып жүрген. Орындыққа жатып ұйықтаған. Кейін күзетші әйел оны сыртқа қуып жібереді», – дейді қыздың әпкесі Айнұр Нығманова.

Арнайы топ құрылып қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек еріктілер де көмектесуде.

Арайлымның әкесі 5 жыл бұрын қайтыс болған, науқас басқа қалада тұрады. Әпкесі Арайлымды өз қыздарындай жақсы көретінін айтады.

«Ол өте ұялшақ қыз. Мүмкін қыдырғысы кеген шығар. Қайтып келуге қорыққанға ұқсайды. Оның кездесіп жүрген жігіті де жоқ. Қарағандыға анасына да бармапты. Полицейлер сау күйінде табады деп үміттенеміз. Арайлымды көрген-білгендер болса, хабар беруін сұраймыз», – дейді Айнұр Нығманова.

Тағы да оқыңыз:

Аузына келгенін айтады: “Бақытты әйел” бағдарламасының редакторы жүргізушілердің эфирден тыс қандай екенін айтты

Ерлан Біләл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып алды

Баян Алагөзова: Екі жыл бұрын көз жұмғанымда, маған мүмкін бір атақ берер ме еді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар