Алматыда сексенге жақындаған ғашықтар үйленіп, тойларын дүркіретіп атап өтті (фото)

Сейсенбі, 14 Ақпан , 2017 10:11

Алматыда  жетпістен асқан қариялар шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толған күнді яғни алтын тойларын дүркіретіп атап өтті. Әлмахан ата мен Күлжахан ана жастарша көңіл күймен  үйлену тойында болатын барлық ережені сақтай отырып қуанышты кеш ұйымдастырды. Алтын тойдың салтанатты жиынына Stan.kz сайтының тілшісі де  шақыртылған еді.

алтын12

Нақтырақ айтсақ, ғашықтарға тойды балалары ұйымдастырып берген. Өмірін білім беру саласына арнаған Әлмахан ақсақал мен Күлжахан анамыз жас кезде яғни бірінші үйлену тойларында осындай кешті армандаған. Бірақ, тұрмыстық жағдайға байланысты үйлену тойын үш бөлмелі үйдегі дастарханның басында атап өтуге тура келіпті.

“Ол кезде жаспыз. Жағдайымыз онша күшті емес еді. Күлжахан киім сататын. Сол сауда орнында көріп ұнатып қалған болатынмын. Ол кезде жас, үріп ауызға салғандай сүйкімді. Содан аталарың қызбен танысып, екі айдың ішінде тұрмысқа шығуға көндіріп қойды.

Өзіміз екі бөлмелі үйде туыстарымызбен тұрамыз. Үйдің жанындағы досым үш бөлмелі пәтерде тұрады. Сол үйде тойымыз болды. Дастарханды толтыратын да мүмкіндік жоқ. Үш шелек суға түшпара қайнатып, қонақтардың алдына соны қойдық”,- деп алғашқы үйлену тойларын есіне алды зейнеткер.

алтын2

Салтанатты кештің басталғалы тұрған сәтті. Қуаныш иелері төрге шақыртылып жатыр. Жандарында қалыңдықтың құрбысы мен күйеудің жолдасы.

“Той жасау  әкемнің бастамасы. Анамды қуантып, махаббатын,сезімін тағы бір мәрте көрсеткісі келді. Анам әрине қарсы болды. Бірақ біз інім екеуміз әкемді қолдадық. Ол кісілер той серуенінде өз достарымен қаланы аралады. Сырттарынан тамашалап өзім толқыныста болдым. Олардың көңілі жас. Қатарластары да бір марқайып қалды. Ал мейрамханадағы неке тіркеу салтанатында көзіне жас алмаған адам жоқ шығар.

Әрине қуаныштың жасы. Дегенмен ата-анамыз бір қуанып, көңілдері сергіп қалды. Бұл кісілер  өмірдің қиындығына төзіп қана қоймай бір-біріне деген адалдықты, махаббатты, сыйластықты,достық пен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалды. Сол үшін де олар үлкен құрметке лайық”,-дейді  Әлмахан ақсақал мен Күлжахан ананың қызы Бахыт Бегенова.

Алтын3

Биші қыздар ғашықтарды салтанатты түрде ортаға шақырып, орындарына бимен шығарып салуда.

алтын4

Ең қуаныштысы Бегеновтер отбасы алғаш құрылған кездегі яғни 50 жыл бұрыңғы тойда жолдас болған, неке қию рәсімінде куә болған достары осы тойда да сол орындарынан табылды.

Әлмахан атамыз бен Күлжахан анамыз өз достарымен бірге той серуеніне арнап жалданған лимузиннің ішінде.

алтын5

Алтын тойдың қалыңдығы мен күйеу жігіті немересі Дамирмен  бірге.

алтын6

“Қандай қиындықтар болмасын бірге бастан кешірдік. Шыдадық.  Бәрі осындай жақсы болды, өмір сүру жеңіл болды деп айта алмаймын. Төзімділік пен еңбектің арқасында осындай үбірлі-шүбірлі болып отырмыз. Мен әрине бақытты әйелмін.

Бақытты анамын. Құдайға шүкіршілігімізді айтып, балалардың бақытын көруді бұйыртсын деп отырған жайымыз бар”,- дейді Алтын тойдың  қалыңдығы Күлжахан ана.

алтын7

Алтын той кейіпкерлеріне арнап арнайы баннер жасалған.

алтын8

Күлжахан ана өмірін үй шаруасы мен бала тәрбиесіне, қоғамдық жұмыстарға  арнаған.

алтын9

Елу жыл отасқаннан кейінгі қайта некелесу салтанаты.

алтын14

Әлмахан ата мен Күлжахан анамыз неке жүзіктерімен алмасып жатыр.

алтын13

Бүгінде Күлжахан ана 70, Әлмахан ата 76 жаста.  Бахыт есімді қыз бен Ерлан есімді ұлдары бар. Бір  ұл бір қыздан екі немере сүйіп отырған жағдайлары бар. Әдемі қартаю өнерге айналған заманда  махаббатқа берік ғашықтар өз ғұмырларынан алған сабақтарымен немере тәрбиелеп отыр.

алтын11

Неке куәлігі тапсырылып жатқан кез.

алтын10

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Калган омирлери типтти жаксы болсын. Оте жарасып тур.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар